Төмен

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ

Семей сынақ полигоны - «СЯСП» атауымен танымал болған, КСРО-дағы ең үлкен ядролық полигондардың бірі.
Сондай - ақ «Екінші мемлекеттік орталық полигон (2 МОСП)» ресми атауына ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда 2016 жылы өткен Ядролық қауіпсіздік бойынша IV саммиті жұмысына белсене қатысуына орай, БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымы басшыларын және жалпы Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастықты, аталған жоғары деңгейдегі отырыста айтылған, жаңа сапалық деңгейдегі ҚР Президентінің авторлығымен шыққан «Манифест «Әлем. ХХІ ғасыр» атты парадигма - құжатымен таныстырып өтті.
25 жыл бұрын, Н.Ә. Назарбаевтың іске асырған ең алғашқы қадамдарының бірі, Мәскеудің сілтеуінсіз, 1991 жылдың 29 тамызындағы Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды.
Аталған құжаттың ғаламдық маңызын көрсетіп, оның әлемдік саясатқа әсер ету ауқымын бағалау үшін біз өткен жағдайларға шолу жасауымыз қажет.
1947
ТАРИХЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Орналасу орнын таңдау ерекшеліктері

Ұлан-байтақ, жер шарының төрттен бір бөлігін алып жатқан одақтың сынақ алаңына Семей өңірін таңдауда төрт ерекшелік ескерілген.

Бірінші, сынақ алаңы өтетін алқаптың жынысы қатты, ту ортада шошайған жалғыз тау гранит пен мәрмар тастан түзілген. Бұл жарылыс қуатын ерекше күшейтіп, кенеттен өрбитін тербелісті 100-150 шақырымға жеткізеді.

Екіншіден, сол таудан 130 шақырым теріскейде дарияның дариясы, ұлы Ертіс өзені шалқып ағады. Өзеннің арғы жағасы – қалың орман, ал бергі беті – суға түсіп, құм қайраңда күнге күйіп, емін-еркін сайрандауға таптырмас орын. Бұл жерге өндірістік база орнатып, казармалар мен тұрғын үйлер салуға қолайлы.

Үшінші ерекшелік, Саровта дайындалған бомбаны, өзгедей де керек-жарақты кемеге тиеп, Ертістің айдыны арқылы немесе темір жолмен жеткізуге болады: тоғыз жолдың торабы саналатын Семей бекеті таңдалған алаңнан небәрі 130 шақырымда тұр.

Төртінші, Семей шаһарының түстігінде әуежай орналасқан. Бұлардың барлығы да басқа жерлерге қарағанда полигон өткізетін аймақтың талаптарына сай келген болып шығады.

Семей полигоны (жоғарыдан түсірілген бейнесі)
>450 Ядерных испытаний
1949 және 1989 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында жер, әуе, жер асты ядролық сынақтар жүргізілген.
1947
ТАРИХЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Құрылысы

Әскери - өндірістік базаны небары 2,5 жылдың ішінде салып бітіру тиіс болған, одақтың 36 басқарманың 52605 санды маманданған әскери бөлімі Симферополь қаласынан жедел көтеріліп, күллі техника - жарақтарымен Омбыға темір жол арқылы жеткізіліп, кемелер мен баржаларға тиеліп, Ертісті өрлей жүзіп, 1947 жылдың қыркүйегінде құрылыс алаңына әкелінген. Қолына күрек-қайла ұстаған құрылысшылардың саны сол күзде 9 мыңға жеткен
(1947 жылғы 3 қыркүйекте КСРО Қарулы Күштері Бас штабының бұйрығында осы жерде 1 генерал, 264 офицер және 47 сержант болғаны көрсетілген).

Әуелгіде әскери қалашық «Надежда» аталып, үлкен астананың мөлтек ауданы сияқтанып, кейіннен «Мәскеу - 400» деген атқа ие болады. «Мәскеу - 400-дің» сыртқы өмірмен қарым - қатынасын, осы жердегі тірлігін Қауіпсіздік комитетінің арнаулы бөлімі бақылаған. демек, бұл жерде қандай жұмыспен, не үшін шұғылданғаны туралы өмір бойын ішіне сақтауға қолхат беретін болған.

9000
әскери - өнеркәсіптік базаны құруға 9000 астам құрылысшы қатысты
18 500 км2
Нәтижесінде Семей ядролық полигонының аумағы 18 500 шаршы метрді құрады.
Оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі ұзындығы 175 километр, батыстан шығысқа қарай 115 километр болды.
  • 53%
    Семей облысы
  • 39%
    Павлодар облысы
  • 8%
    Караганда облысы
9000
әскери - өнеркәсіптік базаны құруға 9000 астам құрылысшы қатысты
  • 1
    Генерал
  • 47
    Сержант
  • 264
    Офицер
1947
ТАРИХЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Сынақ алаңдары

Сынақ алаңдары Балапан және Мыржық тауларынан бастап Ертістің жағалауына дейінгі аумақты алып жатты.

«Дегелең» - полигонның оңтүстігінде орналасқан ұңғымаларда жер асты сынақтарын (көлденең тау қазбаларында) өткізуге арналған сынақ алаңы, ұңғымалар Дегелең тау сілемдерінің түйіскен жерінде орналасты. Оның жалпы ауданы 331 шаршы километрді құрады. Алаң қуаты аз - ондаған килотоннадан аспайтын сынақтар өткізу үшін қолданылды.

  • 331 км2
    Жалпы алаңы
  • ≤ 10 кт
    Тесттер қуаттылығы аз жүргізілді

«Балапан» - Шаған өзенінің сол жағалауына жайғасқан, полигонның оңтүстік шығысындағы сынақ алаңы. Жалпы ауданы – 100 шаршы километр. Ұңғымаларда (тік тау қазбаларында) жерасты сынақтарын өткізу үшін қолданылды. Аталған алаңда сынақтан өткізілген бомбалардың қуаты 120 килотонна, жекелеген жағдайларда - 150 килотоннаны құрады.

  • 100 км2
    Жалпы алаңы
  • ≤ 150 кт
    Тесттер қуаттылығы аз жүргізілді

«П» «сынақ алаңы» - полигонның солтүстік - батысындағы сынақ алаңы. Жалпы ауданы – 300 шаршы километр. Ол атмосферада (әуе және жер үсті жарылыстары) ядролық зарядтар сынағын өткізу үшін қолданылды.

  • 300 км2
    Жалпы алаңы

«С» (Сары Өзен шатқалы) – полигонның оңтүстік-батысында орналасқан сынақ алаңы. Жалпы ауданы – 500 шаршы километр. Ұңғымаларда жерүсті ядролық сынақтарын өткізу үшін қолданылды.

  • 500 км2
    Жалпы алаңы

«Т» (Телкем шатқалы) - ұңғымаларда жерасты сынақтарын өткізуге арналған полигонның оңтүстігіндегі алаң.

Жаңа Жердегі (Архипелаг «Жаңа Жер» Sayotesh (Маңғышлақ, Қазақстан), Капустин Яр және Тоцкий полигон (Ресей), Невада (АҚШ), Лоб-нор (Қытай), Mururoa (Француз Полинезиясы).
1949
ТАРИХЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Алғашқы сынақ

1949 жылдың 29 тамыз - қазақ ұлты үшін қаралы күн. Бомбаның қуаты 22 килотоннаны құрады.

1989 жылға дейін 40 жыл ішінде үздіксіз түрде 470 сынақ жүргізілді. Қазақстанның және Алтайдың 2,5 миллион халқы денсаулығынан айырылды. Көп қазақтың ата қонысы болған Семей жері құнарынан айырылды, өлкенің бай фаунасы жойылды. Дәл осы күнгі салыстыра айтуға келмейтін жан шошырлық жағдайлар бастау алды. Аталған оқиға сол уақыттың болашақ сынақтарының бастамасы болды. «Алғашқы жарылыс тарихы» кітабының авторы И. Головин дәл сол сәтті толық сипаттап берді:

«... Диктордың қатаң темір дауысы басқа әсер етіп тұрды.

- Он секунд қалды... Бес.. екі, бір секунд!.. Нөл, ия, бастадық!.. Курчатов есік тұсқа қабақ шыта қарады. Далада штаб алдында бетеге баяу тербеліп тұрды. Кенеттен аспанда қара бұлт қаптағандай сезіле бастады. Курчатов көшеге атып шықты да, блиндаж алдындағы үйме жаққа бет алды. «Бәрі ойдағыдай болды! Қараңдар!..» - деп айқай салды ол.

Қара бұлттар, кенеттен қатып қалған аспан, құйындана айналып стратосфераға көтерілді. Сынақ орнына жолындағы өсімдікті жалмай, жарылыс толқыны жақындап келе жатты. Курчатов мұны байқамай үйінді жанына жетіп қалған еді, Флеров оны қуып жетіп, артқа тартып әкелді. Сыртқа шыққан адамдар арасынан олар соңғы болып блиндажға кіріп үлгерді де, темір есікті тарс еткізіп жапты».



20 мың жыл
Плутонийдің жартылай ыдырау кезеңі - 239 құрайды. Плутонийді адам ағзасынан шығару мүмкін емес, тіпті егер бір бөлшегі ішке түскен жағдайда барлық айналасындағы ағза тіндерін жағып жібереді.



Жалпы алғанда, Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ өткізіліп, оның
116 - сы жер және атмосфералық болған. Атом бомбасының жарылысының жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түсті.
АЛҒАШҚЫ СЫНАҚ ЖЫЛДАРЫ

1949 жылдың 29 тамызынан кейін тағы да екі бомба жарылды. Жарылыс 1951 жылдың 28 қыркүйегі және 8 қазан айларында болды.

Кеңес атомшылары «сынақ алаңы» полигонында 1951 жылдың 24 қыркүйегінде РДС-2 бомбасын сынақтан өткізді. Бомбаның қолданылған элементтері Жапонияға американдықтар тастаған бомбадан екі есе аз болды, ал оның қуаты үш есе артық болып шықты. Дәл осы жылы тағы да осындай екі сынақ өткізілді.

1953 жылдың 23 тамызы, 3,8 және 10 қыркүйегінде «П» сынақ алаңында 220 - 600 метр биіктікте жаңа төрт бомба сыналды.

12 тамызда алғаш рет қуаты ең күшті сутек бомбасы сынақтан өтті. 1954 жылдың 29 қыркүйегінен 30 қарашаға дейін ядролық қару сынақтары жүргізілді. Күздің әр үшінші немесе төртінші күні жарылыстан дүр сілкініп жатты.

Жалпы, 1949 - 1958 жылға дейінгі аралықта 50 сынақ өткізілді.



Фильм
«Қызжылаған» (Девичий плач)
Ел: Қазақстан, 2002 жыл
Жанр: көркем фильм, әлеуметтік драма
Режиссері: Сатыбалды Нарымбетов
1955 жылы
5 сынақ өтті: бір жер бетіндегі және төрт ауадағы.
1956 жылы
– 8 сынақ жүргізілді: екі жер үсті және төрт ауада.
1957 жылы
– 11 сынақ.
1958 жылы
– 10 сынақ.

«Заман - ай» (әні). Сөзі: Ұ. Есдәулет, музыкасы: Т. Мұхамеджанов.
Орындаушы: Р. Рымбаева

1963 - 1989 — сынақ алаңдарының ақырғы сәттері

Алдағы үш жылда, 1958 жылдың 22 мамырынан 1961 жылдың 1 қыркүйегі аралығында полигондағы жарылыстар күрт тоқтады (бұл кезеңнің 9 - 10 айы Хрущевтің мораторий жариялау уақытына дәл келіп қалды)

2,5 жыл «сынақ алаңында» аумақты өндірістік қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

А. Сахаров: Менің болжамымша, егер адам бір жылда 200 рентген радиация алса, онда ол мүгедек болуы мүмкін. 100 рентген денсаулығы әлсіз адамдар үшін аса қауіпті. 600 рентген адамдардың 50 пайызы көп ұзамай қаза табады.

Табиғи ортаны радиоактивті ластандыру ядролық сынақтарды ауада жүргізу салдарынан ғана емес, топырақты сыртқа атқылаумен қатар жүргізілетін жер асты ядролық жарылыстардан кейін де болып отырғанын атап өту керек.

Полигон құрбандарының бірі танымал суретші Кәріпбек Күйіков болды. Ол 1968 жылы Семей полигоны маңындағы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. Баланың қолсыз туылғанын көру ата-анасы үшін ауыр соққы болды. Алайда кемістік оны мұқата алған жоқ, ол бухгалтер болды, «Невада — Семей» халықаралық қозғалысына белсенді қатысты. Кәріпбек «АТОМ» Халықаралық жобасының Елшісі болды, бұл жоба Қазақстан Президентінің бастамасымен жасалған болатын. Ең таң қаларлығы - Кәріпбек сонымен қатар ерінмен және аяқ саусақтарымен туындылар салатын суретші.

Мәскеуліктердің сұсынан сескенбеген Сужиков

Семей облыстың компартиясының бірінші хатшысы болып тағайындалған Мұхамедғали Сужиков өңірдегі сынақ алаңының ұрымтал тұсында отырған халықтың хал - ахуалымен, денсаулық жайымен танысқан соң, ядролық сынақтарды жабуға ұсыныс тастау туралы ойға келеді.

ССРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С. Хрущевке, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Д.А. Қонаевқа, ССРО Денсаулық сақтау министрінің орынбасары А.И. Бурназянға «Ядролық қарудың полигондағы сынағы туралы» Семей облысы басшыларының баянхатында ол елдің тұрмыс жағдайының нашарлап кетуін, халықтың денсаулығы мен жер - судың құнарсыздану салдарын фактілерге сүйене отырып, дәлелдеп жазып жолдайды.

Мұхамедқали Әленұлы Сужиков, Семей облыстық компартиясының бірінші хатшысы (1958 - 1960): «Ертістің жағалауында осындай керемет қала бой көтерген кезде, мен таңданысымды жасыра алмадым. Әскерилер салған көп қабатты жаңа үйлер, кең көшелер маңайдағы ауылдардың қарапайымнан тұрмысынан ерекшеленіп тұрды. Бұл таңданыс сезімдері әлі күнге есімде. Егер мен мұны өз көзіммен көрмесем, сенбес едім. Көз алдымда қарама - қайшы басқа бейне көрінді: Ақтөбе облысындағы кішкене Қарабұтақ ауылы. Ескі жер үйлерде мұқтаждыққа еті үйренген, еңбек сүйгіш қарапайым халық тұрады. Олардың есебінен бар болғаны 13 жыл ішінде сол ғажайып қала салынды. Оны не үшін салдыңдар? Дала халқы радиация шаңынан тұншықсын деп пе? Жүздеген, мыңдаған адамдар өзінің туған өлкесінде өлім құшуы үшін бе? Олардың төлқұжаттарында Кеңес Одағының азаматтары екендігі көрсетілген. Бұл әдемі үйлер, оларда тұрып жатқан ғалымдар, күзетте тұрған гарнизон өз халқыңа радиация әсерін сынап көру үшін салынған. Кешіріңіздер, бұл ой менің санамнан кетер емес»


Сынақтардың кестесі

С 11.10.1961 г. по 19.10.1989 г.
Способ взрыва: Подземные
Место: Семипалатинский полигон
Кол-во испытаний: 340
Кол-во взрывов: 500
2000м
1800
1600
1400
1200
1000
800
600
400
200
1949
1951
1952
1953
1954
1955
1955
1956
1957
1957
1958
1960
1961
1962
1963
1989
Курчатов И.В — кеңес атом бомбасын бірінші ойлап тапқан адам. Оның есімімен Қазақстан қалаларының бірі аталып,   үш рет КСРО Социалистік Еңбек қайраткері атағын алған.

«Бұл Отанды қорғау үшін. Біз капиталистік империалистермен келісімге келе алмаймыз, біздің әскери қуатымызды күшейтіп және қуаттырақ қарумыз бар екенін көрсету қажет»,

- Кремльден келген хабарлама.


Семей полигонында жер асты ядролық сынақтар 11.10.1961 ж. бастап 19.10.1989 ж. дейін мынадай үш жұмыс алаңында жүргізілді:

• Дегелең тау сілемі (штольняларда);

• Балапан алаңы (ұңғымаларда);

• Сарыөзен және Телкем алаңы (ұңғымаларда).

Полигонда барлығы 340 жер асты ядролық сынақтар өткізілді, онда 500 ядролық зарядтар жарылды. Бейбіт (өнеркәсіптік) мақсаттарда бұл полигонда 7 сынақ жүргізілген, олар халық шаруашылығының көптеген мәселелерін шешуге бағытталған (су қоймаларын, арықтар, айлақтар жасау; қазаншұңқырларды орналастыру; мұнай және газды игеру; алауларды өшіру; жер қабатын сейсмикалық барлау және т.б.) деп түсіндірілді.



Сонымен қатар, АҚШ президенті Эйзенхауэр мәлімдеме жасады:

«Ядролық жарылыстарды ауада, жер бетінде және су астында жасауды үзілді - кесілді тоқтатуға келісейік, ғылым үшін мәнді зерттеуді тек қана жер астында жасайық...».

26/11/1963
Осыдан соң, 1963 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы, АҚШ және Ұлыбритания атмосферада (жер және ауа), ғарышта және су астында үш кеңістікте ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы өзара келісішарт жасады.
АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Семей атырабына тағдыр жазуымен тап болған адамдардың Кеңес Одағындағы туыстарына, ата-анасына, иә таныстарына 1964 - 1966 жылдарда пошта жәшігіне салған хаттары оқыған жанды тебірентпей қоймайды. Жалпы саны 340 жазбаның бірде-бірі жазылған тұрақтарға жетпеген. Себебі: жергілікті КГБ бәрін де ашып, мұрағатында сақтаған.



Семей полигонының жабылуына ықпал еткен оқиға – 1989 жылдың 12 ақпаны күні жарылыпған сынақтың үстіне 5 күннен кейін тағы бір сынақ жасап, одан бөлінетін инертті газдың ұңғыма бетін шалағайлықпен жабылғандықтан, бүкіл атырапқа жайылып кетуі. Жер астына бұқтырылған ядролық зарядтың қуаты – 70 килотонна. Бұл жапон еліне тасталған алғашқы зарядтан 5,5 есе көп. 17 ақпандағы жарылыста әскерилер 150 килотонна, аса қуатты екі зарядпен қосарланған сынақты аяқтап, Қорғаныс министріне рапорт жөнелтеді, алайда бұл жолы да ұңғыманың бетін темір-бетонмен шегендеу шала-шарпы жасалып, күшті қысыммен тұншыққан газ бетон тығынды жарып шығады. Сол сәтте ауаға тараған зиянды газдан Шаған қалашығындағы сезімтал аспаптар радиация фоны қалыпты мөлшерден жүздеген есе артқанын көрсетеді. Радиация фоны алғашқы сағатта 3000 - 4000 микрорентгенге көтерілген. Осы жайтты әскери басшылар қанша жауып-жасырғанымен, түбінде бұл шындық ашылып, семейліктер біржолата күрес жолына түседі.

Осы оқиғадан үш күннен соң, 20 ақпанда сол кездегі Семей облыстық компартиясының бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев 20 ақпанда СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М. Горбачевтің атына шифрограмма жолдап, Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың біржолата тоқтатылуын талап етеді. Бұл істе ол болашақ Қазақстан Президенті, сол кездегі Қаз ССР Министрлер кабинетінің төрағасы Н. Назарбаевпен қырық жыл бойы төмпештеп келе жатқан тажалды тоқтату үшін қандай қарекет жасау керектігін ақылдасады. К. Бозтаев – ел тарихында ССРО әскери - өнеркәсіптік кешенінің қарсылығына қарамастан, полигонды жабу жолында 1991 жылға дейін үздіксіз күрес жүргізген бірден-бір тұлға.




Кешірім БОЗТАЕВ
НЕВАДА — СЕМЕЙ

«НЕВАДА — СЕМЕЙ» НЕ В АД ҚОЗҒАЛЫСЫ» - Неведа — Семей антиядролық қозғалысының ұраны

Жазушылар одағының алдында митинг

Мұның артынан іле-шала 28 ақпанда Семей облысы атынан ҚазССР Жоғарғы Кеңесі депутаттығына үміткер Олжас Сүлейменов Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар мен Қарағанды облыстары тұрғындарының басынан кешкен ауыр халдің телеэкрандар мен қалың нөпірдің қатысуымен әлемге тарауы жалпақ жұртты дүр сілкіндірді. Бұл бастаманың ақырында «Невада — Семей» қозғалысын құруға үндеу тастады.

Кешірім Бозтаев
Семей обком партиясының бірінші хатшысы

«Ядролық сынақтардың барлық құпиялары айтылмаса, халыққа мемлекеттік көмек көрсетілмесе, әлеуметтік әділдік туралы сөз қозғауға бола ма? - Жоқ! Біз өткізілген сынақтар туралы барлық құжаттарды алып және келтірілген зиян ауқымын зерттегіміз келеді. Сондықтан да Семейде радиация институтын ашу қажет. Бұл уақыт талабы»

Олжас Сүлейменов
Қазақстан қоғам қайраткері

«Қазір ғана антиядролық қозғалыс құрылды! Біздің мақсатымыз - мәңгілікке ядролық қару сынақтарын тоқтату, Семей полигонын жабу, барлық осындай полигондардың жабылуы үшін күрес жүргізу!».

Антиядролық қозғалыс басталу кезіндегі Олжас Сүлейменовтың сөзі

«Невада — Семей» антиядролық қозғалыстарының жетістіктері


Қазақстанда «Семей ядролық полигонындағы сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң шығарылды.



150 мың
Қарағанды шахтерлары да қозғалысқа қатысты. Барлығы 150 мың шахтер болды. Сынақтар жалғасқан жағдайда жаппай ереуілдер басталуы тиіс еді.
Тәуелсіз Қазақстан Үкіметінің тапсырмасы бойынша 1992 жылы Ертіс маңына Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындары туралы мәлімет жинайтын құзырлы комиссия жіберілді, нәтижесінде 4 аймақтағы 1,5 миллион адам радиациядан зардап шеккен болып шықты. Бұл жайлы хабарландыратын анықтама туралы бәрі білді. Ең көп зардап шеккен Семей халқы еді: 200 мың адам - бұл 340 мың қала тұрғындарының 60 пайызы.
1989 жылы
1989 жылы жаппай ереуілдер салдарынан сынақтар саны қысқарды. 18 жоспарланған жарылыстың тек 7еуі ғана іске асты.

Қарағанды шахтерлары да қозғалысқа қатысты. Барлығы 130 мың шахтер болды. Сынақтар жалғасқан жағдайда жаппай ереуілдер басталуы тиіс еді.

Қазақстанда «Семей ядролық полигонындағы сынқатар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң шығарылды.

1992 жылы
  СНВ-1 Келісімшартының Лиссабон хаттамасына қол қойылды, ол жерде ядролық қаруды таратпау бойынша өзінің міндеттемелерін нақтылады.
Тәуелсіз Қазақстан Үкіметінің тапсырмасы бойынша 1992 жылы Ертіс маңына Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындары туралы мәлімет жинайтын құзырлы комиссия жіберілді, нәтижесінде 4 аймақтағы 1,5 миллион адам радиациядан зардап шеккен болып шықты. Бұл жайлы хабарландыратын анықтама туралы бәрі білді. Ең көп зардап шеккен Семей халқы еді: 200 мың адам - бұл 340 мың қала тұрғындарының 60 пайызы.
1993 жылы
1993 жылы Қазақстан ТМДда алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды, ал 1994 жылдың желтоқсанында ядролық державалар Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы Меморандумға қол қойды.
1994 жылы
1994 жылы елден барлық ядролық қаруды шығару үрдісі аяқталды.
1995 жылы
1995 жылы бұрынғы Семей полигонындағы соңғы ядролық заряд жойылды.
1996 жылы
1997 жылы
1997 жыл - БҰҰ Бас Ассамблеясыa ядролық сынақтан зардап шеккен Қазақстан аймақтарына көмек көсету туралы резолюцияны қабылдады.
2000 жыл
2000 жылы Семей полигонындағы ядролық сынақтарға арналған соңғы ұңғыма жойылды.
2001 жылдың қыркүйегінде «Невада — Семей» қозғалысы Ядролық сынақтарға жалпыға ортақ тыйым салу Келісім бойынша Конференция делегаттарына өз сұраныстарына қосылуды ұсынды.

Бүгінгі күн

2001 жылдың қыркүйегінде «Невада — Семей» қозғалысы Ядролық сынақтарға жалпыға ортақ тыйым салу Келісім бойынша Конференция делегаттарына өз сұраныстарына қосылуды ұсынды.

2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы дәл осы күнді Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп бекітті.



2010 / сәуір
Пан Ги МУН, БҰҰ Бас Хатшысы:
сәуір, 2010 жыл: «Мен полигонды тек жауып қоймай, сондай - ақ ядролық қарудан ада бүтіндей бір аймақ құрған президент әрекетін қолдаймын. Бұл қадамы арқылы ол ядролық қарусыз әлем құруың іргетасын қалады. Мен қазір көп қасірет көрген қазақ жерінде ядролық жарылыстар эпицентрінен бар болғаны бірнеше шақырым жерде тұрмын. Әлемде қазір де осы жаппай қарусыздану бойынша құнды бастаманы қолдауға шынайы негіз бар деп үміттенгіміз келеді...»

2012 жылдың 27 наурызындағы ядролық қауіпсіздік бойынша Саммитте Қазақстан Президенті барлық мемлекеттерге тең ядролық технологияларға қол жетімділік беру туралы, сондай - ақ төмен байытылған уранның Халықаралық банкінің кепілдікті қорларын қолдану мүмкіндігі туралы бастама көтерді.

Республикамыз Ресей және АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруларын (СШҚ) қысқарту туралы Келісімінің күшіне енуін қолдады. Қазақстан ядролық қаруды бірінші қолданған елді оқшаулау және байкот жариялауға дейінгі қатаң халықаралық шараларды қолдану туралы ұсыныс жасады. Ядролық қарусыз әлемге деген тағы бір қадам 2012 жылы 29 тамызда Астана қаласында жасалды.



Форум жұмысы барысында жапон парламентарийлері Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығын беру бастамасын көтерді. Олардың бастамасы Маршалл аралдары атынан АҚШ Конгресінің мүшесі Эни Фалеомаваега да қолдады.



Эпилог

Әлемді бір ғана нәрсе әлдилеуі керек: ол – бейбітшілік, ол – тыныштық. Міне, қазірдің өзінде зымыраған жойқын уақыт ХХІ ғасырдың алғашқы ширегінде. Жер-ана дүниеге келтірген кішкентай ғана сәбилерінің мамыржай күй кешкеніне артық дүниені аңсамайды. Шынында да күллі адамзат қауымының іңкер тілегі, аялаған арманы, тынымсыз күресі: «Шар тәрізді Жер планетасының тағдыры оны мекен еткен адамдардың алақанында емес пе, жұмыр Жерді қырғын соғыстан, түрліше жарылыстардан сақтау – бәріміздің перзенттік парызымыз!..» деген асыл ойға меңзейді.

Елбасының мәлімдеуі бойынша, Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдық
мерейтойы - ядролық қаруға тыйым салу және қысқарту үшін жақсы себеп және күресудің жаңа кезеңінің бастауы.